Бес айда Қазақстан жолдарында 225 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 5 айында Қазақстанда жол-көлік оқиғалары салдарынан 225 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бес айда Қазақстан жолдарында 225 адам қаза тапты

«Биылғы 5 айда жаяу жүргіншілерге қатысты 2 418 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 225 адам қаза тауып, 2 340 адам жарақат алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ЖКО мен жарақат алғандар саны 7,9 пайызға төмендеді», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ол министрлік мүдделі органдармен бірлесе жол үстіндегі қауіпсіздік аясында тиісті жағдай жасау үшін кешенді жұмыстарды іске асырып жатқанын атап өтті.