Бес елдің әскерилері «Шанхай» және «Мәскеу» келісімдерін жүзеге асыруды талқылап жатыр
Аталған халықаралық семинарға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысуда. Семинар Бірлескен Бақылау Тобының 29-шы сессиясында Қытай және Бірлескен Тараптар (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) делегациялары басшыларының шешіміне сәйкес өткізілуде. Делегаттар екі келісімнің инспекциялық және ескерту қызметінің сенім шараларын нығайту және Қарулы Күштер мен ҚХР Бірлескен Тараптардың Шекара қызметінің шекара маңындағы аудандардағы бөлімдерінің өзара ынтымақтастығы жөніндегі негізгі ережелерінің орындалуын талқылауда. «Шанхай» және «Мәскеу» келісімдері бойынша шекараның екі жағында жүз шақырым қашықтықта орналасқан жеке құрамның саны, техника, қару-жарақ жөнінде әскери ақпарат алмасу қарастырылады. Бастапқы кезеңде бұл Келісімдер Қазақстан шекара аудандарының Шығыс учаскесінде Ресей Федерациясымен, сондай-ақ Батыс учаскесінде Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында тұрақтылықты сақтау факторы рөлін атқарды. Аталған Келісімдер әскери инспекциялармен алмасу сияқты сенім шараларын қарастырады.
2003 - 2013 жылдар аралығында өзара 60-тан астам инспекция жүргізілді. «Бұл инспекциялар достық жағдайда өтуде. Себебі, біз жыл бойына алмасқан ақпараттар кейін тиімді инспекциялармен бекітіледі. 2000 жылдан бері бірде бір ел аталған Келісімді күтпеген оқу-жаттығулар өткізу, жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы арттыру арқылы бұзған емес, деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы қару-жарақты қысқарту және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастығы, полковник Амангелді Әубәкіров.