Бес елдің жастары Алматы облысындағы «Жетісудың рухани бағы» фестиваліне қатысуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 маусым. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласына жақын жерде православиелік жастардың «Жетісудың рухани бағы» Халықаралық фестивалі ашылды.

Биылғы жылы фестивальға Қазақстандық митрополиядан жексенбілік мектептер, сондай-ақ таяу және алыс шетелдің командалары қатысты. Барлығы 1000-нан астам бала - Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украинадан 40-қа жуық команда қатысты. Фестиваль палаталық лагерьде өтті. 7 күннің ішінде қатысушылар интеллектуалдық викторинада (Ресей православиелік шіркеуі, Құдай Заңы тарихы бойынша сұрақтар) және спорттық шараларда («Үлкен бәйгелер» телевизиялық ойынының типі бойынша) жарысады. Қызығушылықтар бойынша үйірмелер, шығармашылық байқаулар және кешкі алаулар ұйымдастырылады.

«Фестиваліміздің басты мақсаты - православиелік жастар ұйымдарын дамыту, оларды бір христиандық отбасыға біріктіру, сондай-ақ: эстетикалық талғамды қалыптастыру үшін халық шығармашылығының жанрларын қолдану және оны православиелік мәдени құндылықтарға тарту», - деп түсіндірді фестивальдің ұйымдастырушылары - Талдықорған шіркеу округі, ҚР-ғы Митрополиттік округінің жастар ұйымының қолдауымен «Мейірімділік» қызметі.

Соңғы жаңалықтар
telegram