Бес институттық реформа Конституция қағидаттарын жүзеге асыруға толық мүмкіндік береді - А. Жайылғанова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы айқындаған бес инстиуттық реформа Конституция қағидаттарын жүзеге асыруға толық мүмкіндік береді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Анар Жайылғанова осылай мәлімдеді.
None
None

«Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттің заңдарын құрметтеуі және бағалауы тиіс. Ата заңның негізгі принциптері - саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім. Конституция қабылданған 20 жылдың ішінде бұл нормалар тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетті», - деп атап өтті Анар Жайылғанова.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес мүшесі Мемлекет басшысы жария еткен бес институттық реформа Ата заңымыздың айнымас принциптерін жүзеге асыруға толықтай мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте заң үстемдігін бақылау органы ретінде Конституциялық Кеңес те өз үлесін қосады.

«Жалпы Конституциялық Кеңес қабылданған заңдарға ресми түсіндірме беріп, олардың Конституцияға сәйкестігін тексереді. Ал мұндай бақылау профиактикалық тұрғыдан үлкен рөл атқарады. Ол қоғамдық өмірдің түрлі салаларында өзінің күнделікті қызметінде шешімдер қабылдауға әсер етеді. Тұтастай алғанда, Конституциялық Кеңес өткен 20 жыл барысында бақылаудың тиімді жүйесін құра білді», - дейді А. Жайылғанова.

Соңғы жаңалықтар