Бес күнде заңсыз балық аулаған 38 адам әкімшілік жазаға тартылды
Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының арнайы өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, 1 сәуірден бері «Бекіре-2023» акциясы өтіп жатыр.
Бұл акция 31 мамырға дейін жалғасады.
«Инспекция қызметкерлері 1-6 сәуір аралығында 71 құқық бұзушылық деректі анықтады. Бес күнде заңсыз балық аулаған 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 4 адамға 1 млн 43 мың теңге айыппұл салынды. Екі дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335 және 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылардан 645,2 келі балық, оның ішінде 49 келі бекіре тұқымдас балық түрі, 37 ау құралы, 8 жүзу құралы тәркіленді», -деп хабарлады Олег Тушаканов.
Оның дерегіне сүйенсек, 2 сәуірде Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласында гараждың бірінен жалпы салмағы 49 келі бекіре тұқымдас балық табылған.
Ал, 5 сәуірде Атырау облысының Жанбай ауылының екі тұрғыны «Будара» жүзу құралы ұсталды. Қайықтан 227 келі балық алынған.
Аталған аталған істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрынЕліміздің батысында «Бекіре» балық қорғау акциясы басталғанын жазған болатынбыз.
Сондайй-ақ, браконьерлерге қарсы «Бекіре» акциясына 1200 қызметкер тартылады.