Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары онлайн оқытуға көшті
АСТАНА.KAZINFORM — Аяз, көктайғақ және боран болғандықтан Қазақстанның бірнеше өңірінде сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 22 қаңтарда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшеді.
Сондай-ақ Қостанай облысындағы аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқиды. Ұзынкөл ауданында 2 ауысымдағы 3-4 сыныптар қашықтан оқытуға ауыстырылды (Ершов ОМ, Убаған орта мектебі, Ұзынкөл № 1 орта мектебі, Қ. Дөненбаев орта мектебі). Меңдіқара ауданында аяз бен желдің салдарынан 2 ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілді (А.Чутаев атындағы БШГ, Бірінші Май ОМ, Н. С. Ивановская ОМ, Степанов ОМ). Жел мен көктайғақ салдарынан Амангелді және Қарасу аудандарында мектеп оқушыларының кезекті сабақтары тоқтатылды.
Өскеменде көктайғақ пен жел салдарынан екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.
Павлодарда 22 қаңтарда мектеп жасына дейінгі екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары да қашықтан оқытуға көшеді.
Көкшетау қаласындағы 1-4 сынып оқушылары да ауа температурасының төмендеуіне байланысты үйден оқуға мәжбүр болды.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан Республикасының 13 облысында тас жолдар жабылған болатын.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда 40 градус аяз болуы мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай, еліміздің оңтүстігінде боран соғып, күн аяздайды.