Бес облыста көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты 5 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
5 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы
– «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776 — 965 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы — Қарабұтақ кенті);
– «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5 — 234 шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті — Қостанай облысының шекарасы);
– «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526 — 702 шақырым аралығы (Маржанбұлақ кенті — Батыс Қазақстан облысының шекарасы).
Қостанай облысы
– «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234 — 549 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Қостанай қаласы).
Ақмола облысы
– «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407 — 268 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Атбасар қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысы
– «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407 — 429 шақырым аралығы (Чистополье ауылы — Ақмола облысының шекарасы).
Батыс Қазақстан облысы
– «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273 — 526 шақырым аралығы (Барбастау кенті — Ақтөбе облысының шекарасы).
Осыған дейін екі өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлаған едік.