Бестеректегі жол апаты: екі баланы Астанаға әкелу үшін санитариялық авиация борты барды

АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысының Үржар ауданына жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға тасымалдау үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты ұшып барды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Бестеректегі жол апаты: екі баланы Астанаға әкелу үшін санитариялық авиация борты барды
Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Балаларға көмек көрсетуге еліміздің ғылыми медициналық орталықтарының үздік мамандары тартылды. 

Айта кетелік кеше Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанған еді. Бүгін зардап шеккен балалардың жағдайы туралы жазған едік.  Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары.  

Соңғы жаңалықтар