Бестеректегі жол апатына қатысты іс сотқа жолданды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының Үржар ауданында 4 баланың қазасына әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша іс сотқа жолданды.

 Орал қалалық соты бұрынғы төрағасының ісі Тасқалада қаралады
Фото: freepik.com

Қылмыстық іс Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қаралатын процесс ашық түрде өтеді.

- Қазір материал алдын ала тыңдау сатысында. Негізгі сот отырыстарының уақыты әлі белгіленген жоқ. Судья процеске қатысты тек үкім жарияланғаннан кейін ғана пікір білдіре алады. Бұл сот ісін жүргізудің талаптарына сәйкес, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Алдын ала тыңдау барысында іс материалдары зерттеліп, тараптар тізімі анықталып, істі мән-жайы бойынша қарауға дайындық жүргізіледі. Сот отырыстарының кестесі бекітілгеннен кейін қосымша ақпарат ұсынылмақ.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болған.

Көп ұзамай әкімдіктен оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазан айында Бестерек ауылында жол апатына түсіп, ауыр халде жатқан қыз көз жұмғаны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар