Бетін күйік шалған жүргізуші ауруханаға жатқызылды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында бағыттық такси жүргізушісі, 1985 жылы туған азамат өзінің салақтығынан көлігінің радиаторы ақауынан ұшқан будан термикалық күйік алып,
None
None

бірден ауруханаға жеткізілді. Бу зардап шегушінің бетін алып түскен. Қазір оның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

Қызылорда қалалық «Жедел жәрдем» стансысы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сақтағанованың хабар­лауынша, апта көлемінде 3083 шақырту түскені тіркелген. Одан ауруханаға жеткізілгендері - 534 адам. Сырқаттардың басым бөлігі әдеттегідей, жүрек-қан тамыры дертіне шалдыққан науқастар.

Соңғы жаңалықтар