Бетперде киіп жанармай бекетін тонаған қарақшы іздестірілуде – Қостанай облысы
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Тәртіп сақшылары Қостанайдағы жанар-жағармай бекеттерінің бірін тонаған қарақшыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін түнде «Қостанай - Рудный» тас жолының бойында болған. Жергілікті жанармай бекетінің бірінде бетперде киген қаскөй кассирді қорқытып, 34 мың теңгеден астам қаражатты алып кеткен.
«Аталған факті ҚР ҚК 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.