Бейбіт Исабаев Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Фото: 1news.az

Соңғы жаңалықтар