«Бейбіт мақсат-2010»: Біздің күшіміз бірлігіміз бен жауынгерлік достастығымызда» - генерал-майор М.Майкеев

«Бейбіт мақсат-2010» жаттығуын дайындауға және оны өткізуге ШЫҰ елдерінің штабтары мен әскерлері атсалысуда. Жаттығудың мақсаты әскерлер мен әскери басқару органдарының ықтимал оқиғалардың өрбу нұсқасына дайын болуына негізделген. Жаттығу барысында алынған тәжірибелер, ШЫҰ елдерінің бірінің аумағында қарулы қақтығыс орын ала қалған жағдайда, аймақтағы қауіпсізтікті қамтамасыз ету, жағдайды тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіре түсуге сеп болады. Өткізіліп отырған ШЫҰ жаттығуы лаңкестікпен, экстремизмен және сепаратизммен күресуге дайындалу ісіне лайықты үлес қосады. Біздің күшіміз бірлік пен жауынгерлік достастықта», деп атап көрсетті генерал-майор М.Майкеев өз сөзінде.