«Бейбіт мақсат-2010» жаттығулары ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер өміріндегі маңызды оқиға болып саналады - М.Дүйсекеев

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Бұл жаттығулар - ШЫҰ құрамына кіретін барлық мемлекеттер өміріндегі маңызды оқиға. Бұл туралы «Мәтібұлақ» полигонында өтіп жатқан «Бейбіт мақсат-2010» лаңгестікке қарсы жаттығуларының ашылу барысында ҚР Қорғаныс министрлігі Штаб басшылары комитеті төрғасының бірінші орынбасары, генерал-майор Мұқан Дүйсекеев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, XXI ғасырдағы адам дамуының басты қатері лаңкестік болып отыр.

«Біздің аймақтағы қауіпсіздікті тереңдету мақсатымен лаңкестікке қарсы күресті өз қызметінің негізі еткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымы құрылды. Ұйым өкілдерінің алдында - бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы тек біздің аймақты ғана емес, барлық әлемді бейбітшілікпен, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету міндеті қойылған», - деді М.Дүйсекеев.

Соңғы жаңалықтар