«Бейбіт мақсат-2010» жаттығуы: соғысуға қабілетті армия ғана жеңіске жетелейді, өз халқын қорғауды қамтамасыз ете алады- генерал-майор Ю. Петров

Біздің халықтарымыз азаттық үшін, тәуелсіздік үшін иықтасып шайқасты. Бұл туралы РФ Қарулы күштері Құрғақтағы әскерінің жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы, генерал-майор Юрий Петров «Бейбіт мақсат-2010» бірлескен әскери жаттығуының ашылу рәсімінде мәлім етті.
«Бұл біздің бірінші бірлескен жаттығуымыз емес, және тәжірибе көрсетіп отырғандай, біздің елдеріміздің күш-жігері бірлескен іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталып отыр. Биылғы жаттығу лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресуді дамытуға жаңа серпін береді. Біз серіктестікті дамытуға, өзара іс-қимыл мәселелерін жетілдіруге, тек қоғамдық-саяси ғана емес, әскери саладағы байланыстарды нығайтуға әрқашан дайынбыз. Бірлескен жаттығу барысында кәсібиліктің сапасын жетілдірудің, жауынгерлік шеберлікті көтерудің жақсы мүмкіндігі бар. Сондықтан да біздің негізгі міндетіміз - моральдық тұрғыдан орнықты, салауатты, кәсіби тұрғыдан сауатты маман дайындау. Бірлескен жаттығудың барысында осы мақсаттарға қол жеткізе алатындығымызға сенім білдіремін», деп мәлім етті Ю. Петров.