«Бейбіт миссия -2010» жаттығуы жалғасып жатыр

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін, қыркүйектің 24-інде «Мәтібұлақ» жалпыәскери полигонында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде террорға қарсы сипаттағы халықаралық «Бейбіт миссия-2010» жаттығу-ойындарының белсенді кезеңі өтті. Әскерлердің бірлескен іс-қимылын Ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомство басшылары қадағалады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен.
None
None

Жаттығулардың алғашқы екі кезеңі әскерлерді пайдалануға ұсыныстар жасау және террорға қарсы бірлескен операция өткізуге директива қабылдаған Алматы қаласында өткен бас штабтар бастықтарының әскери-саяси кеңесінен кейін өткізілген болатын.

Екі апта бойында ШЫҰ мүше мемлекеттердің әскерилері операция барысында барлық қажеттілікпен қамтамасыз ету, әскерлерді басқару тәрізді күрделі сұрақтар бойынша бірлескен жаттығулар жасады.

«Бейбіт миссия-2010» жаттығуларын Қазақстан жерінде өткізу туралы шешім 2008 жылғы мамырда Ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің жиынында қабылданған бірлескен коммюнике негізінде бекітілген еді.

Бұл іргелі жаттығуларға алты жарым мың әскерилер тартылды. Жауынгерлік ұшақ және тікұшақтарды қоса есептегенде бір жарым мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника қатысты. Авиациялық техниканы Қазақстан, Қытай және Ресей тараптары қосты.

Бірлескен террорға қарсы операцияны орындау барысында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери топтамаларынан басқа ҚР ІІМ «Бүркіт» және ҚР ҰҚК «Арыстан» арнайы мақсаттағы топтары да қатысты. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктен - оперативті топ, кинологиялық және медициналық қызметтердің жасақтары болды.

Жаттығулардың негізіне осы аймақта орын алу қаупі бар ұлтаралық, діни және басқа да себептердің негізінде ушығып кететін жағдай алынған. «Бейбіт миссия-2010» жаттығулары Ұйымға мүше мемлекеттердің аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қауқары мен мол тәжірибесі бар, іргелі шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра білген Қазақстан Республикасының аймақтағы көшбасшы екенін дәлелдеп берді.

Жаттығуларға қатысқан барлық жасақтар қойылған тапсырманы мүлткісіз орындай білді. Десе де басты қорытындысы, ШЫҰ мүше елдердің аумағында тұрақсыз жай қалыптасқан жағдайда алдын алуға күштің бар екенін дәлелдеді, - деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.

Соңғы жаңалықтар
Референдум