12:47, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Бейбіт Шүменов IBO рейтингінде 10-шы орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBO барлық салмақ санатындағы әлемдегі боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық боксшылардың да орындары аздап өзгерді.
Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ рейтингінде 4 жолға көтеріліп, 10-орынға жайғасты. Осы санатта Иса Ақбергенов 35-орынды сақтап қалды.
Қанат Ислам бірінші орташа салмақта ТОП-100-те 69-шы орыннан 72-ші орынға түсті.
Жеңіл салмақ санатында Жанат Жақиянов 27-ден 24-ші орынға жылжып, жағдайын жақсартты.