Бейбіт Шүменов: Мен чемпиондармен кездескім келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов EsNews порталына берген сұхбатында өзінің болашақ жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Мен қазір демалыс күндері де жаттығып жүрмін, дайындығымның мықты болғанын қалаймын. Негізі шаршы алаңға қай уақытта болса да шығуға әзірмін. Мен қазір Лебедевпен кездескім келеді. Алайда, біз әзірге олармен кездесудің ретін келтіре алатын емеспіз. Ол менімен шығуға ниеті жоқ па, ол жағын білмедім. Бірақ, біз қазір Юниер Дортикоспен жұдырық түйістірудің амалын ойластырып жатырмыз. Мен осы кездесуді қатты күтіп жүрмін. Бірақ мен өзге чемпиондармен де кездесуге дайынмын. Қазір өзімнің бокстағы тәжірибемді қалай нығайтқандығымды көрсеткім келіп жүр»,-деді боксшы.

33 жасар Бейбіт Шүменов осы уақытқа дейін кәсіби бокста 19 кездесу өткізді. Мамыр айында WBA оны Денис Лебедевпен кездестіретінін жариялаған. Алайда, ол қазір Мурад Гассиевпен болатын сайысқа дайындалып жүр. Кубалық Юниер Дортикос болса, өзінің кездесулерінің барлығын жеңіспен аяқтап келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар