Бейбіт Жұқаев Мексикада негізгі турнирге жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші алдымен 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты.

Б.Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында бүгін америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді – 6:3, 6:1. Осы бәсекеде ол 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды.

Грекиялық Стефанос Циципас бірінші ракетка болып тіркелген Лос-Кабос жарысы 5 тамызда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Президент кубогы челленджер турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик жұптық сында Вашингтондағы негізгі турнирге өтті.

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германиядағы жарыста үздік шықты.


Соңғы жаңалықтар