Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің финалына шыға алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің 256-ракеткасы, қазақстандық Бейбіт Жұқаев Пальмас дель Мар (Пуэрто-Рико) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 1118-орында тұрған америкалық Майкл Чженмен кездесті.

М.Чжен рейтингте төмен тұрғанына қарамастан, ширек финалда әлемнің 224-ракеткасы, канадалық Алексис Галарноны 6:3, 0:6, 6:3 есебімен жеңіп кеткен еді.

Бұл жолы да матч тартысты өрбіді. Бірінші партияда Бейбіт 6:3 есебімен басымдылық танытқанымен, содан кейін таразы басы америкалық теннисшінің жағына ауып кетті – 3:6, 6:7 (4:7).

Екі сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында Б.Жұқаев 10 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Қазақстанның 1-ракеткалары Рыбакина мен Бубликтің туған күндерін атап өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалында жеңіліп қалды.

Анна Данилина Ноттингемде финалға бір қадам жетпей тоқтады.

Қазақстандық теннисші Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанды.


Соңғы жаңалықтар