Бейбітшілік халықаралық институтының президенті: Қазақстанда Президент Н. Назарбаев іске қосқан диалог - төзімділік пен сыйластықты қамтамасыз етудегі маңызды тетіктердің бірі

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда Президент Н. Назарбаев іске қосқан диалог - төзімділік пен сыйластықты қамтамасыз етудегі маңызды тетіктердің бірі.
None
None

Бүндай пікірді бүгін Астанада өтіп жатқан Х Еуразиялық медиа форумда Бейбітшілік халықаралық институтының президенті Терье Род-Ларсен (Норвегия) айтты.

Ол лаңкестікпен күресте қатаң немесе рақымды құрамдауыштар бар екендігін айта келе, осы орайда Қазақстандағы мейірімді жолдарды мысалға ала отырып, осы бағытты қолдайтынын жеткізді.

«Біз рақымды компонеттерді қарастыра аламыз, яғни бұл лаңкестікке тосқауыл қоюдың басымдықты шаралары. Бұл өз кезегінде түрлі диалогтарды өткізуге қатысты деп айтар едім. Мәселен, Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан диалогты атап өткім келеді. Осы шаралар әлемдегі және түрлі діндердегі құндылықтарға қатысты толеранттылық пен сыйластықты қамтамасыз ету үшін маңызды қадамдардың бірі»,-деді ол.

Осы орайда Терье Род-Ларсен алдағы уақытта лаңкестікпен күресте рақымды шараларға негізделу керек екендігін баса айтты. Бұл тұрғыда білім мен ағарту істері, зияткерлік арқылы лаңкестіктің алдын алу маңыздылығы ескерілді.

Соңғы жаңалықтар