Бейбітшілік пен тыныштық Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының іргетасына айналды - Н.Назарбаев

Форумды ашқан Мемлекет басшысы 10 жыл бұрын Жамбыл облысына кезекті сапары кезінде Достық үйін ашқанын айта келіп, облыстың этнобірлестіктерінің басшыларының атын атап берді.
«Мен Таразда Жамбыл облысының өсіп-өркендеуінің символы - Достық үйін бірге ашқан жандарды көргеніме қуаныштымын», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті қазақстандықтардың ортақ күш-жігерінің арқасында бейбітшілік пен тыныштық біздің еліміздің ХХІ ғасырдағы дамуының іргетасына айналғанын атап өтті. «Биылғы жылы мен Қазақстанның әрі қарайғы дамуына бағытталған бес халықтық реформаның жүзеге асуына жол аштым. Біз замануи мемлекеттік қызметті, әділетті сотты, жаңа индустрияны, бірыңғай болашақ ұлтын және мығым мемлекетті қалыптастырамыз. Мұның бәрін біз еліміздің азаматтары, еңбек адамдары үшін жасап жатырмыз», - деді Елбасы.