Бейбітшілік және Келісім сарайының маңына жас көшеттер отырғызылды

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - 1972 жылы Швецияның Стокгольм қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау конференциясында қабылданған шешіммен 5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып қабылданды. Жыл сайын осы күні әлемнің түкпір-түкпірінде «Жердегі өмір үшін» деген ұранмен түрлі іс-шаралар өтеді.
None
None

Аталған акция аясында бүгін Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайы алаңына 20 жас тал отырғызылды. Әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай осы сынды бастама Астанада 24 мамырда өткізілген болатын. Сол кезде Қазақ-түрік лицейі ауданындағы Сейфуллин көшесі бойына 20 жас тал отырғызылған еді.

Айта кету керек, жастар еңбек отрядының ұйымдастыруымен 5 мамырдан бастап семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар өткізіліп келеді. «Табиғат сұлулығы әлемді құтқарады» деген ұранмен 1-4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы және «Еліміздің экологиялық болашағы» деген атпен жастар арасында реферат байқауы өтуде. Сонымен қатар, елордада «Үздік мектеп гүлзары» атты білім ошақтары арасындағы байқау 2013 жылдың 5 қазанына дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар