Бейбіт Исабаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді. 

Бейбіт Исабаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Фото: Жеңіс Ысқабай

– Бүгін тарихи маңызы бар күн. Конституцияға сәйкес мен де өзімнің құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды бердім. Өзімнің таңдауымды жасадым, - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Айта кетейік, Жетісу облысында 463 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істейді. Өңірдегі сайлаушылар саны – 442 мыңнан астам. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталғанын жазған едік.