Бейбіт Исабаев Талдықорған әкімінің мейрамхана ашуына түсінік берді
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласы әкімінің мейрамхана ашуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Әрине, мен мейрамхананың орнына зауыт ашуды жөн санар едім. Талдырқорған әкімінің жұмысқа кіріскеніне 3 ай болды. Ол – жақсы маман. Сонымен қатар ол әкім боламын дегенше жеке бизнеспен айналысқан. Әкім жергілікті кәсіпорындарды қолдау керек деп түсіндірген маған. Алдағы жылы мейрамхана ашуда ойлану керектігін айттым. Мен тыйым сала алмаймын. Аталған істі қолдаймын», - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Жетісуда облысында биыл 3 мыңнан астам пәтер беріледі.
Бұған дейін Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% жеткенін хабарлаған едік.
Одан бөлек, аталған өңір дәнді дақылдардың көлемі жағынан Жетісу облысы алғашқы төрттікке кіреді.
Биыл орта және шағын бизнес саласы облыс бюджетіне 33 млрд теңге түсірді.