03:05, 03 Қараша 2023 | GMT +5
Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.
Бейбіт Жұқаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді. Қарсыласы 9 эйспен ғана көзге түсті.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Париж мастерс турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.