Бейбіт Жұқаев Чикаго турнирінде қарсыласын камбэкпен ұтты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 203-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Чикаго (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингіде 321-орындағы америкалық Патрик Малоунимен өткізді.
Бірінші партияда жергілікті спортшы 6:4 есебімен басым түсті.
Дегенмен бұдан кейін Бейбіт ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:3, 6:4.
Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жұқаев 18 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Малоуни 6 эйс, 1 брейктен (10 брейк-пойнт) аса алмады.
Бейбіт Жұқаевтың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Германиядағы жарыста Скатовтың Попконы ұтып, келесі айналымға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына өтті.