Бейбіт Жұқаев Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойында жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Теннисші Бейбіт Жұқаев Қазақстанның ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады.
«Дэвис кубогы» бірінші әлемдік тобындағы Қазақстан мен Дания арасындағы матчтың қорытынды ойынында Жұқаев Филипп Херттен 3:6, 6:4, 10:8 есебімен басым түсті.
Қазақстан мен Дания арасындағы қорытынды есеп қонақтар пайдасына 3:1 болды. Бұған дейін бүгін Александр Бублик пен Александр Недовесов екі сетте Август Хольмгрен/Йоханнес Ингилдьдсеннен 6:7 (8:10), 3:6 есебімен ұтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада өткен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы Данияға жалпы есепте жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан дзюдодан Гран-при бәсекесін Қазақстан татами шеберлері 2 орынмен аяқтады.