Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияда Астана турнирінің финалисін ұтты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 171-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

 Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты ширек финалда жалғастырады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 105-ракеткасы, Astana Open ATP 250 жарысының финалисі, Аустралия өкілі Джеймс Дакворттан айласын асырды.

Бейбіт 1 сағат 29 минутқа созылған матчта 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Жұқаев 15 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Ллойд Харрис немесе аустралиялық Александр Вукичтің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар