02:32, 06 Қараша 2016 | GMT +5
Бейонсе мен Джей Зи Хиллари Клинтонға қолдау ретінде концерт қойды
КЛИВЛЕНД. ҚазАқпарат - Сенбі күні АҚШ-тың Огайо штаты Кливленд қаласында америкалық танымал әнші Бейонсе мен оның зайыбы репер Джей Зи (Jay-Z) ел президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер Хиллари Клинтонға қолдау білдіру үшін концерт қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ворштейн университетінің стадионында жұлдызды жұптан бөлек Биг Шон (Big Shawn) пен Джей Коул (J.Cole) өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, АҚШ президентінің сайлауы 8 қараша күні өтеді. Соңғы мәліметтер бойынша Хиллари Клинтон 2 пайыз ғана басымдықпен қарсыласы Дональд Трамптан алда келеді.