Бейонсе ресми түрде миллиардер атанды

Бейонсе ресми түрде миллиардер атанып, заманауи музыкадағы ең ықпалды тұлғалардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осылайша ол аса аз топқа кіретін бай музыканттар қатарына қосылды. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап, Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.

Бейонсе ресми түрде миллиардер атанды
Фото: Kazinform

Forbes деректеріне сәйкес, 44 жастағы супержұлдыз миллиардер атанған бес музыканттың бірі болды. Бұл тізімде оның жұбайы Jay-Z де бар — оның байлығы 2,5–2,6 млрд доллар шамасында бағаланады. Сонымен қатар бұл қатарда Тейлор Свифт, Брюс Спрингстин және Рианна бар.

Бейонсенің 2023 жылғы Renaissance атты әлемдік турнесі оның мансабындағы ең ірі жетістіктердің бірі саналады. Аталған турне шамамен 600 миллион доллар табыс әкеліп, тарихтағы ең табысты концерттік турлардың біріне айналды.

2024 жылы Бейонсе өзінің алғашқы кантри жанрындағы Cowboy Carter альбомын шығарды. Бұл жоба оған жаңа коммерциялық мүмкіндіктер ашты. Соның ішінде — Рождество мерекесінде Ұлттық футбол лигасының (NFL) тайм-брейк шоуында өнер көрсету және 2025 жылғы ең табысты концерттік турдың қатысушысы болу мүмкіндігі бар.

Дегенмен, Бейонсенің байлығының негізгі бөлігі он жылдан астам уақыт бұрын қабылдаған маңызды бизнес шешіміне байланысты.

2010 жылы ол Parkwood Entertainment компаниясын құрып, өз мансабының дерлік бағытын толықтай өз бақылауына алды.

— Мен менеджментті өз қолыма алуға шешім қабылдағанда, ірі басқарушы компанияларға жүгінгім келмеді. Мен Мадоннаның жолын қуып, ықпалды болуды, өз империямды құруды және басқа әйелдерге: егер сен мансапта белгілі бір деңгейге жетсең, міндетті түрде біреумен келісімшартқа отырып, табысың мен жетістігіңді бөлісудің қажеті жоқ екенін көрсеткім келді, — деген еді Бейонсе 2013 жылғы сұхбатында.

Әнші бірнеше түрлі жобамен айналысқанына қарамастан, Forbes мәліметінше, оның байлығының негізгі бөлігі әлі де музыкамен тығыз байланысты.

Өзінің авторлық жазбаларына меншік құқығын сақтай отырып және әлемді аралап гастрольдік сапарларға шығу арқылы Бейонсе музыкалық каталогынан мол табыс табуды жалғастырып келеді.

Бұған дейін әлемдегі долларлық миллиардерлер саны рекордтық деңгейге жеткені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар