Бейрутте ҚР дипломатиялық миссиясы істерінің өкілі Ливан СІМ бас хатшысымен кездесті

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Бейрутте Қазақстан Республикасы дипломатиялық миссиясының жетекшісі Дархан Көксегенов Ливан Республикасы Сыртқы істер және эмигранттар министрлігінің бас хатшысы Уильям Хабибқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Д.Көксегеновты ҚР Ливандағы істердің өкілі ретінде тағайындау туралы ресми хатын тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткізілген кездесу барысында әр түрлі саладағы қазақстан-ливандық ынтымақтастықтың ары қарайғы даму мәселелері, сондай-ақ бірқатар екі жақты келісімдердің қаралу барысы талқыланды.

Дипмиссияның жетекшісі бас хатшыны Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

У.Хабиб өз кезегінде Ливанның Қазақстанмен халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында өзара жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар