Бейсенбі күні Газадан кепілге алынған сегіз адам босатылады

АСТАНА. KAZINFORM — Бостандыққа шығарылатындар арасында Таиландтың бес азаматы бар. Оларды босату — ХАМАС пен Таиланд арасындағы жеке келісім аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Восемь заложников будут освобождены из сектора Газа в четверг
Фото: Omar AL-QATTAA

Израиль билігі ХАМАС кепілге алынған израильдік азамат: 29 жастағы Арбель Йехуд, 19 жастағы Агам Бергер және 80 жастағы Гади Моше Мозесті босатады деп мәлімдеді. Кепілге алынғандардың есімдерін ХАМАС қозғалысы делдалдары — Мысыр мен Катар арқылы Израильге жеткізді.

Кепілге алынғандардың отбасылары олардың есімдерін жариялауды мақұлдағаны атап өтілді. Таиланд азаматтарының аты-жөні әлі жарияланған жоқ. 
2023 жылы 7 қазанда Газа секторындағы соғысты бастаған ХАМАС шабуылы кезінде бірнеше шетелдік жұмысшы, соның ішінде Таиланд азаматтары ондаған израильдікпен бірге тұтқынға алынды.

Анклавта Таиландтың әлі сегіз азаматы, сонымен қатар бір непалдық пен бір танзаниялық азамат бар. Бұған дейін Таиландтың екі азаматы мен Танзанияның бір азаматы қайтыс болды деп жарияланған болатын.

Кепілге алынған үш азаматты қайтару үшін Израиль 110 палестиналық тұтқынды босатады, олардың 33-і өлімге әкелген шабуылдар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. 

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Израиль бес тайлық азаматты босату үшін палестиналық тұтқындарды босатпайды, өйткені бұл — ХАМАС пен Таиланд үкіметі арасындағы бөлек келісімнің тақырыбы.

ХАМАС бұған дейін қазіргі кезеңде қайтарылуы жоспарланған 33 кепілге алынған адамның 25-і тірі екенін мәлімдеді, бірақ олардың жағдайы туралы толық мәлімет берілген жоқ. 

Бейсенбі күні Газа секторынан кепілге алынған сегіз адамды босатуды жоспарлаған күннің алдында Халықаралық Қызыл Крест комитеті кепілге алынғандарды беру кезінде ХАМАС-тың әрекеттерін бақылауға алмайтынын мәлімдеді. Қызыл Крест — Израиль мен ХАМАС арасында кепілге алу процесінде әрекет ететін делдал.
Күтілетін босату 19 қаңтарда басталған және Газа секторындағы 15 айға созылған соғысты аяқтаған Израиль мен ХАМАС содырлары арасындағы атысты тоқтату келісімінің бір бөлігі аясында өтеді.

Осыған дейін ХАМАС кепілге алынған израильдік алты азаматты босату мерзімін жариялағанын жаздық.

Кейіннен ХАМАС босатуға уәде еткен 33 тұтқынның тек 25-і тірі болып шыққаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар