БЕЙСЕНБАЙ ҚОРЫМЫ
Ескерткішті 1978 жылы Қазақстан қалпына келтіру және жобалау мекемесінің экспедициясы зерттеген.
Қорым ірі құрылыстар (көрхана, сағанатам, төртқұлақ қоршау) мен архитектуралық белгітастардан (көктас, құлпытас, тағы басқалар) тұрады.
Мазарлардың көпшілігі - бұрыштары биіктетіле қаланған, ақ түсті, өрнек бедерлері жақсы сақталған сағанатамдар. Түрлі геометриялық пішіндегі құлпытастар мен қойтастар ерекше жасалған. Қойтастар ескерткіштің жалпақ тұғыр тасына орнатылған. Бұларды жалпақ оюлар мен бедерлеп, кей жерлерінде кескіндерді бояп безендірген. Қару-жарақ түрлері, араб әріпімен қазақ тілінде арнау-бағыштаулар қашалып түсірілген.
Бейсенбай қорымындағы жеке ескерткіштер пішімінің (есіксіз сағанатамдар, тұғыр түріндегі қойтас, тағы басқалар) өзгешелігімен ерекешеленеді.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2 том.