Бейсенбіде Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 26 қыркүйек, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.