Бейсенбіде ел аумағында күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қыркүйек күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және  шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
None
None

Атап айтқанда, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды,  Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының  кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді.  Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 м/с екпінмен жел соғады. Ауаның  температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С болады.                                                                                                                                                 

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің күші - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С болады.                                                                                                                                                                        

 

 

Соңғы жаңалықтар