09:50, 15 Ақпан 2022 | GMT +6
Бейжің-2022: Бүгін қазақстандық екі спортшы жарысқа шығады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпия ойындарында қазақстандықтардың бүгінгі жарыстарын 2 телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлер бүгінгі жарыстарды «Qazаqstan» және «Хабар» телеарналарынан көре алады.
Қазақстандық телеарналардың тікелей эфир уақыты:
«Qazаqstan» арнасы:
12:55 Шаңғы қоссайысы. Іріктеу - Шыңғыс Ракпаров;
«Хабар» арнасы:
16:55 Фристайл. Акробатика. Ерлер. Іріктеу - Шерзод Хаширбаев.
Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.
Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.
Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.