Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылардың аралық нәтижесі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Халықаралық олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Бейжің Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың аралық нәтижесін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жаңа ғана конькимен жүгіру жарысынан келдік, онда біздің спортшыларымыз Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта сайысқа түсті. Өздеріңіз білетіндей, фристайл-могул командасы осымен ойынды аяқтады. Әрине, кешегі нәтижелерді қабылдау қиын болды. Юлия Галышева – 11-орын, Анастасия Городко – 21-орын, Аяулым Әміренова – 22-орын, Олеся Граур – 28-орын, Дмитрий Рейхард – 8-орын және Павел Колмаков – 11-орын», - деді Андрей Крюков Zoom арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, кеше шорт-трек командасы аралас эстафетада 5-орынға табан тіреді.

«Бұл өте жақсы нәтиже деп саналады. Спортшыларымыздың осындай маңызды нәтижеге қол жеткізгеніне қуаныштымыз. Шорт-трек – өте күрделі спорт түрі. Осындай нәтиже үшін спортшылардың қанша тер төгетінін білеміз. Сондықтан біз осындай нәтиже үшін қуаныштымыз. Басқа ойындарға келсек, бәрі жоспар бойынша өтіп жатыр», - деп толықтырды Андрей Крюков.


Соңғы жаңалықтар