13:01, 15 Ақпан 2022 | GMT +5
Бейжің-2022: Шайбалы хоккейден әйелдер арасында финалға шыққан құрамалар анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шайбалы хоккейден әйелдер арасында финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда Канада Швейцарияны 10:3, АҚШ Финляндия 4:1 есебімен жеңді..
Енді 16 ақпанда 3-орын үшін Финляндия мен Швейцария бәсекеге түссе, 17 ақпанда финалда Канада мен АҚШ қыздары мұзайдынға шығады.
Ал ерлер арасында бүгін, 15 ақпанда плей-офф сатысында Словакия мен Германия, Дания мен Латвия, Чехия мен Швейцария, Канада мен Қытай құрамалары тартысқа түседі.
16 ақпанда ширек финал сатысында АҚШ құрамасы Словакия/Германия, Финляндия Чехия/Швейцария, Ресей Дания/Латвия, Швеция Канада/Қытай жұптарының жеңімпазымен кездеседі.
Жартылай финал 18 ақпан белгіленген. Ал 3-орын үшін сайыс 19 ақпанда өткізілсе, 20 ақпанда финал болады.