Бейжің-2022: Шорт-тректен қанша медаль сарапқа салынады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шорт-трек – Қысқы олимпиада ойындарындағы ең тартысты додалардың бірі. Бейжің Олимпиадасында аталған спорт түрінен жалпы тоғыз медаль жиынтығы таратылады.

Ерлер арасында:

500 м

1000 м

1500 м

Эстафеталық жарыс 5000 м

Әйелдер арасында:

500 м

1000 м

1500 м

Эстафеталық жарыс 5000 м

Аралас эстафета 2000 м

Эстафетаға елден төрт спортшы қатысып, дистанция бойынша ауысым жасайды. Бейжіңде Олимпиада ойындарында дебют жасайтын аралас эстафетада әр команда екі ер және екі әйелден өнер көрсетеді.

Бүгін жарыс жолына шорт-тректен Ольга Тихонова, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиша шығады.

Жерлестеріміздың жарыс кестесі:

Басталу: 17:00 - 1500 м. Ширек финал, ерлер

17:44 - 1000 м. Іріктеу, әйелдер

18:29 - 1500 м. Жартылай финал, ерлер.


Соңғы жаңалықтар