19:06, 03 Ақпан 2022 | GMT +5
Бейжің-2022: Жігіттеріміз де алғашқы іріктеуде үздік ондықтан тыс қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы іріктеу жарысы аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші іріктеу айналымында ел намысын қорғаған екі спортшымыз да үздік ондыққа енбей қалды.
Дмитрий Рейхерд 75.43 ұпаймен жарысты жалпы есепте 12-орынмен аяқтаса, Павел Колмаков 74.09 ұпаймен 17-орында қалды.
Енді екі спортшы да 5 ақпан күні өтетін іріктеу кезеңінің екінші айналымында тағы бір мәрте сынға түседі.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енген могулшылар финалға бірден жолдама алды.
Қазір ерлер арасында канадалық Микаэль Кингсбери 81.15 ұпаймен көш бастап келеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер арасында өткен іріктеу сынында қазақстандық атлеттер үздік ондыққа енбей қалғанын жазған болатынбыз.