Бейжің шет тілдер университеті жанынан Жібек жолы зерттеу институты ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің шет тілдері университеті жанынан Жібек жолы институты ашылды, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
None
None

Жаңа құрылым Жібек жолы экономикалық белдеуін және ХХІ ғасырда теңіздік Жібек жолын құруда стратегиялық «идеялар ұстаханасы» болуы тиіс.

Таңдаудың осы оқу орнына түсуі кездейсоқ емес. Бейжің шет тілдері университеті елдің атақты жоғары оқу орындарының бірі, онда білікті кадрлар, соның ішінде шет тілдер мамандары даярланады. Мұнда 64 тіл, соның ішінде Еуроодақтың 23 ресми тілі оқытылады. Сонымен бірге, университет академиялық және зерттеу базасымен ерекшеленеді.

Университет ректоры Пэн Лун Жібек жолы институтының директоры болды. Жаңа институттың ашылуына орай өткен форумда ол құрылымның Қытайдың Жібек жолы бойындағы елдермен ынтымақтастығын жолға қоюға көмектесуі үшін құрылғанын атап өтті, сонымен қатар шет елдерге Қытай реформалары және елдің даму жолы туралы молырақ білуіне мүмкіндік жасалмақ.

Соңғы жаңалықтар