17:30, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Бейжіңде 6-7 маусымда ШЫҰ саммиті өтеді - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бейжіңде 6-7 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының саммиті өтеді. Бұл туралы Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй мәлім етті.

Қытайлық дипломаттың сөзіне қарағанда, шараның барысында тараптар жаңа жағдайға сәйкес ШЫҰ мүше-елдердің ынтымақтастық пен достығын әрі қарай нығайту мәселелерін талқылайды. «Ұйымның әрі қарай даму жоспарын ұсынып, қазіргі кездегі өңірлік және халықаралық жағдай бойынша пікір алмасады», - деді ол.
ШЫҰ саммитіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Жуырдағы ұйымның саммитінде Елбасы Қытай Халық Республикасына ресми сапар жасайды.