Бейжіңде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізін құру мәселелері талқыланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 15 наурызда Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев «China General Technology Holding Co.Ltd» (Genertec) компаниясының вице-президенті Тань Синхуэймен кездесті, деп хабарлайды елшілік.

Кездесу барысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы ынтымақтастықтың келешектегі мәселелері талқыланды.

«Қазақстан мен Қытайды тығыз татулық қатынастар байланыстырады, соның арқасында өткен жылы екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастар ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша теңдессіз деңгейге көтерілді» деп Тань Синхуэй атап айтты.

Ш.Нұрышев, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының индустрициялық-инновациялық дамуының 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын «Жібек жолының экономикалық белдеуімен» ұштастырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру «Қазақстан-2050» жүзеге асырудың барысы туралы таныстырды.

Кездесу барысында көлік, қала және тұрғын үй инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастық бойынша жан-жақты пікір алмасылды. «Genertec» холдингі Қазақстанға инвестицияларды арттыруға қызығушылық білдірді.

Еске сала кетсек, «China General Technology Holding Co.Ltd» 1998 жылы құрылған, коммунистік партияның орталық комитетіне тікелей бағынады. ҚХР-дың ең ірі алдыңғы-қатарлы технологиялық дамыған кәсіпорындардың бірі. 2015 жжылы кәсіпорынның таза кірісі 26 млрд доллар болды. Ол әлемдегі ірі кәсіпорындардың «Үздік 500» рейтингінде 426 орында.

Соңғы жаңалықтар
telegram