19:59, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Бейжіңде Қазақстан, ҚХР және Қырғызстан Мәдениет министрліктерінің арасында меморандумға қол қойылды
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚХР-ның Мәдениет министрлігі және Қырғызстан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің

арасында тарихи және мәдени ескерткіштерді ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне ұсыну туралы меморандумға қол қойды.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлі хабарлады.