Бейжіңде қазақстан-қытай сыртқы істер министрлерінің консультациялары өтті

БЕЙЖІҢ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жұма, шілденің 2-сі күні Бейжіңде Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев пен Қытай Халық Республимкасы сыртқы істер министрінің көмекшісі Чэн Гопин арасында консультациялар өтті.
None
None

Консультация барысында ШЫҰ-ның қазақстандық төрағалығы кезіндегі негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен 2010-2011 жылдарға арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-қимыл жоспары талқыланды.

Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы Мұратбек Иманалиевпен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Қазақстанның төрағалығы кезіндегі Ұйымның жұмысына қатысты мәселелер және ШЫҰ-ның құрылғанына 10 жыл толуына орай Астанада 2011 жылдың маусымында өтетін мерейтойлық саммитке дайындық барысы айтылды.

Соңғы жаңалықтар