Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Сапар аясында Қ.Келімбетов ҚХР-ның Коммерция министрі Чэнь Дэминмен кездесті, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік энергетикалық комиссиясы кеңсесінің бастығының орынбасары - Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің экономика жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Чжан Гобаомен келіссөздер жүргізді.
ҚХР-ның Коммерция министрі Чэнь Дэминмен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерінің кең спектрі талқыланды. Тараптар Бейжің қаласындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының отырысына дайындық барысы, мемлекет басшыларының, үкімет жетекшілерінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу туралы пікірлерімен алмасты.
Чжан Гобаомен келіссөздер кезінде тараптар дипломатиялық қатынастарды орнату кезінен бастап 20 жыл бойы қытайлық-қазақстандық қатынастардың тату көршілік, достық және өзара тиімді ынтымақтастығының динамикалық дамуын зор қуанышпен атап өтті. Тараптардың пікірінше, Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік қатынастар екі елдің түпкі қызығушылықтарына жауап береді.