Бейжіңде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өтті

Өз сөзінде ҚР елшісі Икрам Адырбеков еліміздің тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде қол жеткен негізгі табыстары, маңызды бірқатар оқиғалар және қазақстан-қытай қатынастарының даму қорытындылары туралы баяндады.
Елші Нұрсұлтан Назарбаевтың тынымсыз қызметінің, оның дана саясатының арқасында Қазақстан 20 жылдық межеге белсенді халықаралық ұстанымымен, ашық экономикасымен, ішкі саяси тұрақтылығымен және орнықты саяси жүйесімен келіп отыр, деп атап өтті.
«Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміз теңдестірілген көпвекторлы сыртқы саяси бағытын жүргізуде, тұрақты және қауіпсіз әлемді жақтайтын аймақтық держава ретінде халықаралық аренада берік орын алды», деп атап өтті ол.
Осы кезеңдегі қазақстан-қытай қатынастарына тоқтала келіп, И.Адырбеков Қазақстан шекара мәселесін ойдағыдай шешіп, трансшекаралық өзендерді бірлесе пайдалану проблемасын серпінді алға жылжытып, өзара сауда көлемін бірінеше есе арттыра отырып, 2011 жылы екіжақты қатынастардың деңгейін жан-жақты стратегиялық әріптестікке шығарғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Беларус арасында Еуразиялық Одақ құру жөнінде декларацияға қол қойылғаны атап өтілді. «Осыған байланысты кейбір батыстық сарапшылар Еуразиялық одақ Қытайдың экономикалық экспаниясынан қорғану үшін жасалып отыр деген сыңайдағы ұшқары пікір айтып жүр. Бұл әсте де, олай емес. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, керісінше, Қытай соңғы екі онжылдықта Қазақстанныңда, Ресейдің де, Беларустың да стратегиялық әріптесі болып келеді. Біз жедел саяси диалогты және тығыз экономикалық ынтымақтастықты жақтаймыз. Біздің елдеріміз ШЫҰ, және АӨІСШК ауқымында да өзара тығыз ынтымақтасып отыр» деп атап өтті елші.
«Дөңгелек үстелде» сөз алған Қытай сарапшылары Қазақстанда болып жатқан үдерістерге зор ықылас білдірді. Атап айтқанда, олар Еуразиялық одақ қызметінің перспективаларына қызығушылық танытты және Қазақстанда алда өтетін парламенттік сайлаудың табысты өтетініне сенім білдірді.
Шараға ҚХР сыртқы істер министінің орынбасары Фу Ин, ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Парвмиз Додов, Орталық Азия елдерімен достық қоғамының бас хатшысы Лу Айчжень, Орталық ұлттар университетінің дүнгентану инситутының директоры Ху Чженьхуа, ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы орталықеуразиялық елдер орталығының әлеуметтік даму зерттеу институты директорының орынбасары Чжао Чанцин, сондай-ақ ҚКП ОК, министрліктер мен ведомстволар, талдамалық және академиялық құрылымдар, ісер топтар және БАҚ өкілдері қатысты.