Бейжіңде Кедендік одақ пен Қытай арасында монополияға қарсы және бағаны реттеу мәселелері талқыланды

БЕЙЖІҢ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі - ЕЭК-ның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергенов бастаған делегация 28-29 қараша күндері ҚХР-ға барды.
None
None

Сапар аясында ол ҚХР Дамыту және реформалар істері бойынша Мемлекеттік комитетінің Бағалар мен бәсекелестікті қадағалау бюросының басшылығымен келіссөздер өткізді.

Бюро департаментінің директоры Чжи Шэнминьмен кездесу барысында тараптар монополияға қарсы және бағаны қадағалау мәселелері бойынша пікір алмасып, сондай-ақ ЕЭК мен ҚХР Бағалар мен бәсекелестікті қадағалау бюросының монополияға қарсы қадағалау саласындағы әріптестік қарым-қатынастарды орнату мүмкіндігін талқылады.

Соңғы жаңалықтар