Бейжіңде ҚР мен ҚХР-дың ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дағы Қазақстанның Елшісі Шахрат Нұрышев «Shaanxi Food & Agriculture Group Co.LTD» ауылшаруашылық компаниясы бас директорының орынбасары Лю Чжицюнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның осы елдегі тілшісі.

Кездесу барысында екі жақ қазақстандық ұн, бидай, май өнімдерін импорттау перспективаларын, сондай-ақ жобаларды Қазақстан жерінде жүзеге асыру мен ҚР ауылшаруашылық кешеніне инвестиция құю мәселесін талқылады.

Лю Чжицюнь Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері әлемдік нарықта бірқатар басымдықтары мен бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленетінін, соның ішінде экологиялық таза, салыстырмалы түрде арзан, жоғары сапалы екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, қытайлық компания ҚР ауылшаруашылық кешеніне кейін ҚХР-ға экспорттау үшін өнімді терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мен зауыттар салу арқылы инвестиция құйғысы келетіндерін айтты.

Соңғы жаңалықтар
telegram